QR Code


Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 20 ақпандағы № 111
бұйрығына қосымша

Қазақстан Реcпубликасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 633 бұйрығымен бектілген


нысан

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар
туралы хабарлама


{{ cameral.notice.reg_date }}
жылы
№
{{ cameral.notice.reg_number }}



{{ cameral.notice.ogd_name }}
,
{{ cameral.notice.ogd_code }}
,
{{ cameral.notice.ogd_address }}
    (мемлекеттік кірістер органының атауы, коды, мекенжайы)
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 82-бабының 1-тармағына және 137-бабының 3-тармағына сәйкес Сізге

{{ cameral.notice.customer_name }}

(тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))      немесе салық төлеушінің (салық агентінің) атауы

{{ cameral.notice.customer_tin }}

              (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
           СЕН:
{{ cameral.notice.fno_code }}
;
{{ cameral.notice.period }}
   салықтық
(салықтық есептіліктің атауы және салықтық кезеңі)
есептілік бойынша
{{ cameral.notice.violation_result_date }}
жылғы анықталған алшақтықтар туралы хабарлайды.
Салық кодексінің 82-бабының 2-тармағына сәйкес Сізге осы хабарламаны ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындау қажет.
1. Салық кодексінің 137-бабының 4-тармағына сәйкес хабарламаны орындау болып танылады:
1) хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын:
алшақтықтар анықталған салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;
қосылған құн салығын қайтару туралы салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша бюджеттен бұрын қайтарылған қосылған құн салығының сомасын, сондай-ақ осындай сомаларды салық төлеушіге (салық агентіне) аудару күнінен бастап төлеу күніне дейінгі әрбір күн үшін өсімпұлды бюджетке төлеу;
өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын  салық төлеушілер үшін – арнаулы мобильді қосымшада деректерді көрсету және (немесе) салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу;
тиісті салық режиміне көшу мақсатында Салық кодексінің 716-бабында көзделген әрекеттерді жасау арқылы жоюы;
2) хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіспеген жағдайда – Салық кодексінің 137-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) хабарламаны ұсынған салық органына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзылуына алып келмейтін алшақтықтардың себептері туралы түсінік ұсынуы.
Хабарламада көрсетілген алшақтықтардың бір бөлігімен келіскен жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) алшақтықтарды анықталған бөлігінде жоюы және қалған бөлікте алшақтықтардың жоқтығы жөнінде түсінікті ұсынуы хабарламаның орындалуы деп танылады.
2. Салық кодексінің 137-бабының 9-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде осы хабарламаны орындамау салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға, электрондық шот фактураларды жазып беруді тоқтатуға және Қазақстан Республикасы аумағында интернет-платформа арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-платформасына қол жеткізуді шектеуге әкеп соғады, бұл Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 86, 88 және 89-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Салық кодексінің 137-бабының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтарға қатысты салықтық тексеру жүргізуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 137-бабының 7-тармағына сәйкес Сіз тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты сатып алуды (алуды) растайтын жағдайларда, Салық кодексінің 137-бабының 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда осы хабарламаны сот тәртібімен даулауға құқығыңыз бар.
Шағымды іс жүргізуге қабылдау туралы сот актісінің көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) хабарламаны ұсынған салық органына ұсынады.
Бұл ретте тоқтата тұру Салық кодексінің 137-бабының 7-тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сот актісі шығарылған күннен бастап ол заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңге қолданылады.
Анықталған бұзушылықтар сипаттамасымен қосымша ___ парақта.

Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшысының орынбасары)

{{ cameral.notice.ogd_supervisor_name }}
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)) (қолы) Мөр орны

Хабарламаны алды ______________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
(қолы, күні) Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

Хабарлама салық төлеушіге (салық
агентіне) табысталды
_______________________________
хабарламаны табыстаған мемлекеттік     кірістер органы лауазымды адамының    тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын  куәландыратын құжатта көрсетілген       болса), қолы, күні

Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын   куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе салық төлеушінің (салық агентінің) атауы:

{{ cameral.notice.customer_name }}


Мекенжайы:

{{ cameral.notice.customer_address }}


Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілді
___________________________ (жөнелту және (немесе) оны алу фактісін растайтын құжат)